Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалған ақпарат жарға жығады

Жалған ақпарат жарға жығады

Арал ауданында жалған ақпараттың таралуын болдырмау жұмыстары күшейе түсті. Себебі, қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік желілерде түрлі жалған ақпарат, қауесеттер белең алуда. Осы орайда, 31.03.2020 жылы Арал ауданындағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты жалған ақпарат таратудың фактісі анықталды.Нақтырақ айтқанда 33 жастағы азаматша «Класстастар қалайсыңдар? Класстастар мына коронавирус деген біздің Бекбауылдан шығыпты уже, Аралға алып келе жатыр, енді белгісіз ғой Аралға алып келгенде қаншасы уже ауаға тарап жатыр, осы тұрғанда инфекцияға алып келіп жатыр. Қыздар, балалар қолдарыңды жуыңдар! Антисептикпен жуыңдар, аптекадан сатып алыңдар! Беттеріңнен маска түспесін! Вооще үйде де, далада да маска обязательно. Ойнайтын зат емес», - деп, Арал ауданында коронавирус шығып жатыр деген көрнеу жалған ақпаратты аудиожазба арқылы «WhatsApp» мессенджері арқылы таратқан.
Жалған хабарлама бір күн ішінде аудан тұрғынына жетіп, жергілікті тұрғындар арасында үрей туғызды. Жалған ақпаратты таратушы Арал қаласының тұрғыны болып шықты. Іске жедел кіріскен полиция қызметкерлері таратушыны жедел анықтап, жалған ақпарат тарату фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.
Осындай жағадайларды ескере отырып, барша аудан халқын қандай жағдай болмасын тек ресми ақпаратқа сенім артып, жалған хабарламалардың құрбаны болмауын сұраймыз.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
02 сәуір 2020 ж. 758 0