Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бекбауылдан коронавирус шықты". Ақпарат қаншалықты шындық

"Бекбауылдан коронавирус шықты". Ақпарат қаншалықты шындық

         Кешелі бері "WhatsApp" әлеуметтік желісі арқылы аралдықтардың арасында ақпарат тарап жатыр. Онда Арал ауданына қарасты Бекбауыл ауылынан коронавирусқа шалдыққан науқкастың анықталғандығын, қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғаны жөнінде айтылған.
        Ақпарат лезде көпшілікке тарап, халықтың алаңдатушылығын тудырды. Біз мұның анығын білу үшін жұқпалы аурулар ауруханасына қоңырау шалған едік. Қоңырауға жауап берген кезекші дәрігер: «Арал ауданы бойынша «COVID 19» диагнезі қойылған науқас тіркелген жоқ. Біз жақ әзіргі тыныш», – деп жауап берді.
       "Арал ауданаралық ауруханасының" жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты инфекционист Жолдасбай Жақсылықов:
       – Бұл ақпараттың барлығы жалған. Дегенмен осындай науқас түрі анықталған жағдайда қажетті шараларды жүргізуге дайынбыз. Ол үшін барлық мүмкіндік қарастырылған, – деді.
         Осылайша елдің алаңдаушылығын тудырып, тұрғындар арасында түсініспеушілік тудырған ақпарттың жалған екені анықталып отыр. Қазір Арал аудандық прокуратурасы осы мәселеге байланысты шаралар жүргізіп жатыр. Сондықтан мәліметті тек ресми ақпарат көздерінен, және жауапты сала мамандарының пікірінен естіп көз жеткізгеніңіз абзал. Сонымен бірге жалған ақпарат таратқан адам заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескеру қажет.
Н.БАҚЫРАН.
31 наурыз 2020 ж. 1 880 0