Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 50-ден асты

Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 50-ден асты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Шымкентте балмұздақтан уланып, жағдайы нашарлаған науқастар жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.
Басқарманың мәліметінше, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан төрт науқас қалыпты жағдайға түскен.  Бір ересек тұрғын мен жүкті әйел және екі жасөспірім қазір бөлімшелерге ауыстырылған. Сондай-ақ алты науқастың денсаулығы жақсарған соң, ауруханадан шығарылды. Сала мамандарының сөзінше, кешеден бері ауруханаға балмұздақтан іші ауырып түскен  әлі де түсіріп жатқандар бар. Ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 50-ден асқан. Сонымен қатар балмұздақ жеп ауырғандардың бірқатары аудан-ауылдарға тарап кеткен. Олардың да нақты саны мен ауру белгілері қазір анықталу үстінде екен.
Еске салайық,  Шымкентте тұрғындар балмұздақ сататын «Южное» сауда орыннан тәтті жеп жаппай уланып қалған болатын. Салдарынан 27 наурыздан бері қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына елдуден астам адам түсті. Өңірде осы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тарапынан тексеру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ Облыстық ішкі істер департаменті  Қылмыстық кодексінің 304-бабы  «санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғап, бірнеше сараптамалар тағайындады.
inform.kz
31 наурыз 2018 ж. 1 399 0