ЖИЫРМАДАН АСТАМ БАЛА БАЛМҰЗДАҚТАН УЛАНЫП ҚАЛДЫ

Қалалық инфекциялық ауруханаға жүгінгендер 5-18 жас аралығындағылар болып шықты.
«Балалардың қазіргі жағдайы қалыпты. Төртеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың екеуі кішкентай бүлдіршін болса, екеуі жасөспірім. Балалардың барлығы «Ғажайыптар әлемі» қалалық саябағының маңындағы «Южное» дүкенінен балмұздақ алып жегені анықталды», - деп мәлімдеді ауруханаың бас дәрігері.
Оның айтуынша, балалар балмұздақты 27-ші және 28-ші наурызда алып жесе, ауруханаға айдың 29-ы мен 30-ы күндері түскен.