Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 шілдеге арналған ауа райы болжамы

22 шілдеге арналған ауа райы болжамы

22 шілдеде атмосфералық ауа ағындарының әсерінен Қазақстанның солтүстік батысында нөсер жаңбыр жауады, тек солтүстік шығыста күн ашық, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 

Кей жерде жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін, оңтүстік батыста шаңды дауыл тұрады.
Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарында, түнде Ақмола облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл болады.
Қарағанды, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 23-28 м/с, Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Қостанай облысының кей жерінде дауыл тұрады, бұршақ, желдің екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл тұруы ықтимал, жел 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз кей жерде бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
baq.kz
22 шілде 2020 ж. 751 0