Қызылордада коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 бала бар

Сондай-ақ, індеттің алдын алу бағытында қосымша 100 провизорлық және 5 инфекциялық төсек орын ашылды. Қосымша 55 пульмонологиялық төсек орын бар.
Қазіргі таңда, коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 бала бар. Оның 3-еуі үй жағдайында, амбулаторлы ем алуға жолданса, 4-і стационарда емделуде.«Жастардың арасында тыныс алу жүйесі және пневмония ауруына шалдыққандар өткен жылмен салыстырғанда көбеюде. Өңірде коронавирус инфекциясы тіркелгелі бері індет жұқтырған 14 жасқа дейінгі балалар сәуір-мамыр айларында жұқпалы аурулар ауруханаларында ем алған болатын. Ал маусым айында коронавирус инфекциясымен тіркелген балалар жоқ», – деді бас дәрігер.
kyzylorda-news.kz«Балаларда коронавирус инфекциясы жеңіл түрде өтіп, айтарлықтай ауыр белгілер байқала бермейді. Дегенмен, ерекше қатер тобындағылар бұл жаңа туған сәбилер мен 1 жасқа толмаған балалар. Себебі, егде адамдар сияқты олар вирустық инфекциялардың ауыр түрлеріне бейім болып келеді. Сондықтан балалар ересектер мен бірдей деңгейде сақтық шаралары мен әлеуметтік оқшаулау ережелерін сақтауы керек», – деді Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Мүтәліпқызы.