Коронавируспен күресте қай өңірлерде төмен көрсеткіш қалыптасты?

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысы өтіп, онда мемлекеттік органдардың коронавируспен күресте атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды.
Жиында жедел штаб Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдіктерінің жұмысы жеткіліксіз екенін атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19-бен күрес бойынша өңірлер рейтингісінде осы облыстарда ең төмен көрсеткіш тіркелген.
Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары Солтүстік Қазақстан әкімдігіне қолданыстағы төсек-орын қорының жүктемесін азайту бойынша жедел шара қабылдауды тапсырды.