Қызылордада өкпені желдету аппаратын 3 есе қымбатқа сатып алған басшылар тергеліп жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының дәрі-дәрмекті алыпсатарлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі тапсырмасы қалай орындалып жатқанын жария етті, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында өз қызметін лицензиясыз жүзеге асырған дәріханалар анықталса, Қостанай облысында облыстық аурухананың лауазымды тұлғасына қатысты өкпені жасанды желдету аппараттарын 35%-ға жоғары бағамен жеткізуге шарт жасасу фактісі тіркелген. Нақты бағасы 520 мың теңге болған жағдайда сатып алу 702 мың теңгеге жоспарланған.
Сондай-ақ Қызылорда облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2 орынбасарына қатысты 17,4 млн теңгенің өкпені жасанды желдету стационарлық аппараттарын сатып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Аппараттар «СК-Фармация» ұсынған бағадан 3 есе жоғары бағаға сатып алынған.
«Еліміздің барлық өңірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері, арнайы мониторинг тобы, сондай-ақ азаматтық белсенділерден құрылған жұмыс топтары 2500-ден астам дәріханаға, 200 медициналық бұйым қоймасына, 250 аурухана мен емханаға мониторинг жүргізді. Жұмыс нәтижесінде 200-ден астам заңбұзушылық анықталды», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің парасат департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы онлайн баспасөз мәслихатында.Ол нақты мысалдарды келтірді. Айтуынша елордалық дәріханаларда «Амлодимед» және ЦЕФ-3 препаратының бағасы қымбат бағада сатылған. Ал Қарағанды, Ақмола, Жамбыл және Павлодар облыстарында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды азық-түлік базарларында және азық-түлік дүкендерінде қайта сату фактілері анықталған.