Кока-Кола сусынының 12 пайдасы

✅ 1. Егер кәстрөлді күйдіріп алған болсаңыз, ішіне Кока-Кола құйып қайнатыңыз. Кәстрөліңіз көз алдыңызда жаңарады.
✅ 2. Кез келген суретті ескі етіп көрсетуге болады. Ол үшін суретті Кока-Колаға аз ғана батырып, кептіру қажет. Бірақ суретті толықтай суландырмаған жөн, әйтпесе құртылады.
✅ 3. Шаш бояуын кетіреді. Бұл байқаусызда өзіміз қаламаған түске боялып қалған шаш туралы айтылып жатыр.
✅ 4. Ескі тиындарды Кока-Колаға салатын болсаңыз, олар жарқырап шыға келеді.
✅ 5. Шәйнектің ішіне Кока-Кола құйып, оны бір күнге қалдырыңыз. Қақ толығымен кетеді.
✅ 6. Унитазды да Кока-Коланың көмегімен тазалауға болады.
✅ 7. Тұздыққа 1:1 есебінде Кока-Кола араластырып, артынша оны етке қосып дайындауыңызға болады. Өте дәмді!
✅ 8. Кока-Кола – шашқа арналған ең үздік кондиционерлердің бірі. Алдымен шашыңызды Кока-Колаға жуып, артынша кептіріңіз.
✅ 9. Шырышты ұлулар Кока-Коланың иісін жақсы көреді. Оны осы жәндіктерден құтылу мақсатында қолдануыңызға болады.
✅ 10. Сіз бұрап шығарайын деген бұрандаманың қатып қалғанын байқасаңыз, оның үстіне Кока-Кола құйыңыз. Сол кезде тоты бірден кетеді.
✅ 11. Асыл бұйымдарды тазартуға болады. Бірақ тастары жоқ бұйымдарды ғана тазалаған жөн.
✅ 12. Бір қызығы, Кока-Кола асқазан ауруларында көмектеседі екен. Тек газы жоғын пайдаланған дұрыс. Мысалы, ұзақ жолда жүрек айныған кезде Кока-Коланың газын шығарып ішетін болсақ, жүрегіміздің айнығаны бірден басылады.
Денсаулық. Ауырмаңыз.
https://tirshilik-tynysy.kz/