Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сақтандырылмаған» азаматтар үшін жеңілдік мерзімі 1 шілдеде аяқталды

«Сақтандырылмаған» азаматтар үшін жеңілдік мерзімі 1 шілдеде аяқталды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеді. 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін барлық азаматтар шартты түрде сақтандырылған деп саналды. Бұл жеңілдікті кезең қазақстандықтар емханаларға тіркеліп, өз мәртебесін анықтау үшін көзделген. Алайда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елде төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты, сақтандырылмаған азаматтардың МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығын 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзарту тапсырылды.
Бірінші жартыжылдықта облыс халқынан Ұлттық банктегі арнайы шотқа 10,5 млрд. теңге сомасында жарналар мен аударымдар түсті. Жалпы, қазіргі уақытта жүйеде 611,5 мыңнан астам Қызылорда облысының азаматы, оның ішінде шамамен 410,2 мыңдай адам мемлекет есебінен сақтандырылған.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қазанына дейін Қызылорда облысы бойынша 8,5 мыңға жуық ШОБ субъектілерінің қызметкерлері медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарынан босатылған. Яғни, аталған ШОК жұмыс берушілер көрсетілген кезеңге дейін жалдамалық қызметкерлер үшін аударымдар жүргізбейді және олар үшін борыштық міндеттемелер жинақталмайды. Сондай-ақ қызметкерлердің еңбек ақысынан жарналарды ұстамайды, бұл ретте олардың сақтандырылу мәртебесі сақталады.
Нөлдік салық есептілігін тапсыру кезінде аударымдар төленбегені үшін өсімақылар мен айыппұлдар да есептелмейді.
Осы мақсатта, жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің тізімін ай сайын 25 күннен кешіктірмей электронды форматта ұсынуы тиіс. Бұл үшін, олар Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында https://msb.fms.kz/login  сілтеме бойынша өтуі тиіс   және тізімдегі БСН бойынша өз ұйымын табу (осы тізімде БСН болмаған жағдайда ұйымды тіркеу мүмкін емес). Бұдан кейін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы заңды тұлға немесе ЖК тіркелу және Қордың ақпараттық жүйесіне кіру және пайдаланушылық келісімге қол қою қажет. Одан әрі МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН-і қосылады – бұл Excel бір файлымен де, әр жеке қызметкерге жол-жөнімен де жасалуы мүмкін. Кейіннен деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ, тек осы деректерді өзектендіру қажет болады.  Өз кезегінде, бұл ақпарат ай сайын мемлекеттік кіріс комитетіне берілетін болады. 
Егер ШОБ кәсіпорындарының бірінің қызметкері емханаға келіп, қандай да бір себеппен сақтандыру бойынша медициналық көмекке үміткер бола алмайтынын байқаса, онда ол деректерді Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы өз бетінше жібере алады.  Мәселен, қосымшаны жүктеу, электрондық мекен-жайы, тегі, ЖСН, телефон нөмірі көрсетілген тіркелу және осындай форматтағы өтінішті жазу қажет: «Мен, ШОБ қызметкері, оның иесі салықтардан және әлеуметтік аударымдардан босатылған, бірақ сонымен бірге мен туралы ақпаратты медициналық сақтандыру қорына бермеген». Бұдан әрі ұйымның БСН, жұмыс берушінің ЖСН және өз ЖСН көрсету, осы жұмыс берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжатты тіркеу қажет (тағайындау туралы бұйрық немесе еңбек келісім-шарты).
Операторлар жарты сағат ішінде осы ұйымның ШОБ босатылған субъектілер тізіміне сәйкестігін салыстырып, жағдайды анықтайды және осы қызметкерге бір айға мәртебе береді. Бұл жағдайда ол жұмыс берушімен Қордың ақпараттық жүйесі арқылы ол туралы ақпаратты енгізу туралы өтінішпен жүгінуі керек, өйткені қызметкер осы ақпаратты алғаннан кейін ғана сақтандырылған болып саналады.   
ШОБ үшін жеңілдікті кезеңді ұзарту – бұл шағын және орта кәсіпорындарды қолдау шарасы болып табылады. Яғни, бұл кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысынан салық пен аударымдарды ұстамайды, бұл ретте олар медициналық сақтандыру пакетіне толық қол жеткізе алады.  Бұдан басқа, МӘМС үшін жарналар осы жылдың наурыз айында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақылармен ұсталынбайды.
ШОБ 29 санатының толық тізімімен Үкіметтің № 224 «Салық салу мәселелері бойынша экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысында танысуға болады.
Медициналық сақтандыру қорының КВИ-мен күресудегі рөлі қандай? Қандай жаңа бастамалар қолға алынды? Қазір алаңдататын негізгі мәселерлер қандай?
Қор осы бағытта үлкен жұмыстар атқаруда. Пандемиямен күреске қосымша 2,3 млрд теңге бөлініп, тиісті клиникаларға орналастырылды
3 айда (наурыз, сәуір, мамыр) шамамен 1,1 млрд теңге қаржыландырылды, тағы 1,2 млрд теңгеге жуық қаражат бар. Ағымдағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, біз осы жылдың тамыз айына тағы 529,3 млн теңгеге өтінім бердік. Бұл мәселені Қордын орталық аппараты талқылауда. КВИ бойынша іс-шаралардың барлық шығындары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есебінен өтеледі, яғни азаматтарды сақтандыру мәселесі мұнда өзекті емес.
Сонымен қатар, Қызылорда филиалының бастамасымен Қор Басқармасы Төрағасының, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының, өңірдің ірі медициналық ұйымдарының қатысуымен арнайы кеңес ұйымдастырылды. Кеңес қорытындысы бойынша медициналықмекемелердін барлық өтініштері жедел қаралды. Атап айтқанда, «ң емханаға қосымша 690 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Сондай-ақ, пандемияға байланысты медициналық ұйымдардың өскен шығындарын ескере отырып, тарифтер (жеке қорғану құралдарына арналған шығындар, теңгенің айырбастау бағамның өзгеруі, науқастарға реанимациялық көмек тарифі) қайта қаралып және ҚР ДСМ мен Қордың орталық аппаратына тиісті ұсыныстар берілді. Нәтижесінде, 1 шілдеден бастап жаңа тарифтер іске қосылды, олардың мөлшері орташа есеппен екі есеге артты.
Мысалы, жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде КВИ-мен науқастың 1 тәулігі үшін біз 81 мың теңге төленді, БМСК мобильді тобын шақырғаны үшін – 6 365 теңге, ал жұқпалы ауруханада 1 төсек күні үшін бұрынғы 19 мың теңгенің орнына 37,4 мың теңге төленуде.
Сондай-ақ, Қор ПТР-тестілеуді қаржыландыруға қомақты қаржы бөлді. Алайда бөлінген қаражаттың барлығы игерілмеген. Оның себебі неде?
Иә, Қор ПТР-тестілеу үшін қомақты қаражат бөлді. Аймақтың стационарларын ПТР тестпен қамтамасыз етуге шамамен 60,1 млн теңге қаржы бөлінген. Оның 43,5 млн теңгесі игерілмеген. Ал алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 21 ұйымға 153 млн теңге бөлінді.
Тегін тестілеуді өткізуге тиісті орталықтар қазіргі туындаған жағдайға қауқарсыз болып отыр. Сондықтан халықтың басым бөлігі ақылы орталықтарда тест тапсыруға мәжбүр болды.
«Пневмония» немесе «Covid-19» диагнозына қарамастан пациенттер бүгінгі күні ТМККК қаражаты есебінен емделеді, яғни азаматтардың сақтандырылуы мәселесі өзекті емес. Біздің тарапымыздан қаржыландыруда өзекті мәселелер жоқ. Біз ай сайын ақша бөлеміз.
Пандемияның қазіргі кезеңінде компьютерлік томографиядан өтуге өтініш білдірушілер саны артты. КТ қандай жағдайларда барлық азаматтарға сақтандырылған мәртебесіне қарамастан қолжетімді?
Компьютерлік томография қызметтері МӘМС пакетіне кіреді, яғни диагностикалық қызмет сақтандырылған азаматтарға ақысыз негізде қол жетімді. Бұл емдеуші дәрігерден немесе учаскелік дәрігерден дәлелді жолдаманы қажет етеді. Бүгінгі таңда аймақта 6 КТ құрылғысы бар.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, яғни барлық азаматтарға қолжетімді КТ шұғыл емдеуге жатқызу жағдайында, әлеуметтік маңызды аурулармен (туберкулез, қант диабеті, БЦП, ревматизм, АИТВ және т.б.) ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету барысында жүргізіледі. Сондай-ақ, егер сіз азаматтардың 15 жеңілдік санатына жатсаңыз, КТ тегін өтуге жолдама ала аласыз. Тізім fms.kz.сайтында.
Осы жердекоронавирусқа күдіктенген науқастар үшін компьютерлік томография белгілі бір белгілер болған жағдайда ғана жасалуы керектігін атап өткім келеді. Бұл ентігу, жөтел және жоғары температура болған кезде. Аурудың 4-5-ші күнінде, клиникалық көрінісі айқындалған жағдайда ғана компьютерлік томография жасалады. Егер вирустың жеңіл формасымен ауырсаңыз, тексерудің бұл түрінен бас тартқан жөн.

Осы күндері Қордың байланыс орталығы 1406 нөмірі бойынша 24/7 режимінде жұмыс істейді. Сондай – ақ «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары мәселелері бойынша өтініштер қабылданады. Азаматтардан көп жағдайда қандай өтініштер түсуде? Пациенттердің мәселелері шешілген кезде мысалдар бар ма?
Иә, бұл ел үшін қиын кезеңде Қор 24/7 режимінде жұмыс істейтін 1406 байланыс орталығының жұмысын күшейтті. 1406 тегін нөмірін ала отырып, азаматтардың сапасыз медициналық көмек көрсеткен медициналық ұйымға шағым қалдыруға мүмкіндігі бар.
Call-орталық желісінде-Қордың барлық 17 филиалының мамандары. Бұл, бірінші кезекте, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау бөлімінің мамандары – жоғары санатты дәрігерлер.Олар келіп түскен қоңырауларды медициналық ұйымдармен бірлесіп нақты пысықтайды. Сондай-ақ, байланыс орталықта кәсіби заңгерлер, экономистер, психологтар жұмыс істейді.
Барлық келіп түскен шағымдар бойынша тексерулер жүргізіледі және пациенттердің заңдылығы мен құқықтарының бұзылуы расталған жағдайда медициналық ұйымдарға қатысты тиісті шаралар қолданылады.
Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша біздің өңір бойынша Call-орталыққа 97 шағым келіп түсті, оның 14-і тегін консультивтік – диагностикалық қызметтергеқатысты сұрақтар, 6 – ы дәрі – дәрмектің тегін беру, 15 – і стационарлық медициналық көмекке қатысты, 4-і республикалық медициналық ұйымдарға квота алу және қалған 58-і көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелеріне қатысты. Барлық шағымдар жедел түрде қаралды. Олардың барлығы 1-3 күн ішінде қанағаттандырылды.
Мысал келтіріп өтейін. Шиелі ауданының тұрғыны Бауыржан Бейсекеев вирустық гепатитке арналған тестілеу үшін ақы төледі, ал ол бұл қызметке тегін ие болды. Пациенттің жұмсаған ақшасы ауданаралық аурухана есебінен қайтарылды. Сақтандырылған азаматтардың қатарында Қызылорда қаласынын тұрғыны Оғлай Қошназарова жеке клиникалардың бірінде (емхананың медициналық қызмет көрсетушісі) магнитотерапия және парафиндік процедураларды өз есебінен алды. Қаражат өзі бекітілген қалалық емхана есебінен қайтарылды.
Бұдан басқа, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Qoldau-24/7» мобильдік қосымшасын әзірледі. Қосымшада тәулік бойы медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары мәселелері бойынша өтініштер қабылданады. Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі. Содан кейін өтініш берушіге қосымшада оның аккаунтында жауап беріледі.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің өзекті мәселесі. КВИ және пневмония ауруларымен емделіп жатқан тұрғындар амбулаториялық деңгейде МӘМС жүйесімен дәрі-дәрмектерді тегін ала ала ма?
Біріншіден, тегін дәрі-дәрмектерді учаскелік дәрігердің немесе бейінді маманның нұсқауына сәйкес жіберіледі. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС шеңберінде тегін берілетін дәрілердің белгілі бір тізімі бар. Бұл тізбе ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығында көрсетілген. Облыста  23 МСАҚ ұйымдарымен амбулаториялық деңгейде тегін босатылатын   дәрі-дәрмектерге тапсырыс жасалып, науқастарға  емханалар арқылы рецептпен босатылады.
Осы тізімге сәйкес, ересектерге ауруханадан тыс пневмонияның жеңіл және орташа ауырлық дәрежесі кезінде бірқатар дәрілік препараттар тегін қолжетімді. Сондай-ақ, пневмония, ЖРВИ ауру түрлерімен ауырған 18 жасқа дейінгі балаларға да тегін дәрі-дәрмектермен қаматамасыз етіледі.
Жалпы, жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес, ТМККК мен МӘМС жүйесінде жалпы 140 ауру түрлері 617 бірлікке жуық дәрілік заттар мен 28 бірлік медициналық бұйымдармен тегін қамтамасыз етіледі.
Ал КВИ ауруымен ауырған науқастар  ауруханаларда стационарлық деңгейде инфекциялық және провизорлық стационар бөлімшелерінде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етіліп, емделеді.
Соңғы уақытта халық тарапынан ММС жүйесіне шағымдардың көбеюі байқалады. Медициналық сақтандыру қоры филиалының қызметі қаншалықты ашық?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры-медициналық көмектіңстратегиялық сатып алушы және ТМККК мен МӘМС пакеттерінің қаржы операторы. Медициналық қызметтерді сатып алу тәртібі денсаулық сақтау басқармасының, «Атамекен» ҰЭП, Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының филиалдарының, және медицина қызметкерлерінің кәсіподақтарының өкілдерінен тұратын арнайы құрылған аймақтық комиссияның қатысуымен электронды форматта жүзеге асырылады.
Медициналық қызметтерді жеткізушілерді таңдау кезінде медициналық ұйымдар қызметінің барлық аспектілері: материалдық-техникалық база, кадрлық құрам, халықтың негізделген шағымдарының саны және т. б. қарастырылады.
Медициналық қызметтерді сатып алу процесі аяқталғаннан кейін медициналық ұйымдар шеңберіндегі сомалар туралы мәліметтер Қордың fms.kz ресми сайтында орналастырылады.
Біздің жеткізушілеріміздің қаражатты тиімді пайдалануы туралы айтатын болсақ, Қордың қаражаты тек көрсетілген қызметтерді өтеуге бағыттылған. Олардың мақсатты пайдаланылуын Қордың сарапшы-дәрігерлер, экономистер, заңгерлері бақылайды. Филиалдың шамамен 20 маманы келісімшарт талаптарын орындау бойынша медициналық ұйымдардің қызметін тексереді.
Сонымен қатар, жыл сайын Қордың, сондай-ақ аймақтық филиалдардың қызметіне қаржылық аудит жүргізіледі.
Бір сөзбен айтқанда, біз көпшілікке ашықпыз. Халықтан аударымдар мен жарналар түсімдері, медициналық қызметтерге төлемдер, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі жаңалықтар, тиісті заңдарға енгізілген өзгерістер туралы барлық ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланады.
 Мәселен, бірінші жартыжылдықта БАҚ-та 500-ге жуық материал жарияланды, 800-ден астам басылым әлеуметтік желілердің танымал топтарында орналастырылды.
Сонымен қатар, халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің мамандары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазір карантин жағдайында онлайн форматта жұмыс күшейтілді.
Айта кетерлігі, 17 филиал арасында халықты ақпараттандыру бойынша біздін филиал үздік бестікте.
kyzylorda-news.kz
28 шілде 2020 ж. 279 0