Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңге берілуі мүмкін бе?

Тамызда қазақстандықтарға 42 500 теңге берілуі мүмкін бе?

Карантиннің тағы екі аптаға ұзартылуына байланысты тамыз айында қазақстандықтарға 42 500 теңге берілуі мүмкін бе? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жауап берді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.
«Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік комиссияға карантин мерзімін ұзарту мәселесін қарау туралы тапсырма жүктелген болатын. Таяуда өтетін мемлекеттік комиссияның отырысында бірқатар міндет қаралып, оның ішінде халық пен экономиканы қолдау мәселесі де пысықталады. Бұл мәселе сол себепті мемлекеттік комиссияның отырысынан кейін белгілі болады», – деді Руслан Дәленов.
Еске сала кетсек, шілде айында қазақстандықтарға 42 500 теңгеден берілетіні хабарланған болатын. 29 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданған. Төлем 2 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 981 мың қазақстандыққа аударылған.
29 шілде 2020 ж. 474 0