Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

5 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін барлығы жақсы болу үшін артық тамақтанбаңыз. Ағзаны шаршатпай белсенді түрде қозғалуға тырысыңыз.
Торпақ
Бүгін ешкіммен хабарласпай, үйде болғаныңыз жөн. Жан-жалдасудан аулақ болыңыз, дұшпандарыңыз қарсы әрекет жасауы мүмкін.
Егіздер
Егер сіз эмоцияға төтеп бере алмайтыныңызды сезсеңіз, үлкендерден ақыл сұраңыз. Қызметте және үйде ұсақ-түйектен көрі маңызды істермен шұғылданғаныңыз жөн.
Шаян
Бүгін әңгімелесуге, саяхаттауға және құжаттар дайындау үшін қолайлы күн. Көптеген ұсақ мәселелер оңай шешіледі.
Арыстан
Сыртқы келбетіңізге мән беріңіз, бірақ ақшаңызды босқа ысырап етпеңіз. Бүгін сіз танымалдыққа ие боласыз, сүйкімділігіңізді пайдаланыңыз.
Бикеш
Отбасының мәселелеріне назар аударыңыз. Жұмыста әріптестеріңіздің көмегімен қосымша табыс табуға мүмкіндік туып тұр.
Таразы
Бүгін сіздің күшіңіз тау қопарардай. Интуицияны тыңдаңыз, бұл сізге дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Сарышаян
Қымбат заттар мен киімдер сатып алмаңыз, пластикалық хирургтар мен косметологтардың жұмысына жүгінбегеніңіз жөн. Бұл тек ақшалай шығын әкеледі.
Мерген
Күніңіз қызықты болады. Бүгін сіз көп жаңалық естіп, көңіліңіз көтеріледі. Табысқа тез қол жеткізіп, қарсыластарды шаң қаптырасыз.
Тауешкі
Бүгін маңызды құжаттарға қол қоймаңыз. Жақындарыңызбен жұмсақ қарым-қатынаста болыңыз.
Суқұйғыш
Бұл бизнес мәселелерін талқылауға, бірлескен жұмысты бастауға немесе жұмысты өзгертуге де қолайлы уақыт. Сондай-ақ, романтикалық кездесулер мен сүйіспеншілігіңізді жариялау үшін қолайлы күн.
Балықтар
Өз қалауыңыз бен мүмкіндіктеріңізді өлшеңіз. Сонда сіз таңқаларлық нәтижелерге қол жеткізесіз. Әйелдермен қарым-қатынаста сыпайы және әдепті болыңыз.
kyzylorda-news.kz
05 тамыз 2020 ж. 256 0