Дүйсенбіде сауда орталықтары ашылады

Дүйсенбіден бастап елдегі сауда орталықтары, жабық базарлар, сұлулық салондары, бассейні жоқ фитнес орталықтар мен моншалар ашылады. Бірақ келушілер саны шектеледі. Яғни, 30%-ке ғана толтыра алады. Жабық мекемелерде 4 шаршы метрге бір адамнан болуы қажет. Дегенмен, мемлекеттік комиссия жұмыс берушілерге қызметкерлердің 80%-і қашықтан жұмыс істеуді жалғастырғаны жөн деген кеңес берді. Ал, кинотеатр, тойхана және тағы басқа ойын-сауық орталықтары жұмысына шектеу қойылады. Карантин толық аяқталғанша отбасылық мерекелер мен еске алу шараларына да тыйым салынады.