Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Қазақстанда теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Қазақстанда теле, радиохабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
«2020 жылдың 19 тамызында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», – делінген хабарламада.
«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
«Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады»,- делінген хабарламада.
kyzylorda-news.kz​​​
17 тамыз 2020 ж. 624 0