Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда теле және радиоарналар хабар таратуын тоқтатады

Қазақстанда теле және радиоарналар хабар таратуын тоқтатады

Бүгін, 17 қазанда, Қазақстанда жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты, теле және радиоарналар хабар таратуын тоқтатады.

Бұл туралы «Қазтелерадионың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Баспасөз қызметінде тараған мәліметке сәйкес, теле және радио арналардың жұмысы сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін тоқтатылады.
«2018 жылдың 17 қазанында сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) «Қазтелерадио» АҚ-ның жерсеріктік және эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде теледидар мен радио сигналдардың жойылып кетуімен жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады», – делінеді хабарламада.
Өз кезегінде «Қазтелерадио» қазақстандықтардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Stan.kz
17 қазан 2018 ж. 1 019 0