Астанада "Бәйтерек" монументі жабылады

Монумент жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты жабылады.
Осы уақытта ғимараттың шыны құрылымы жуылады, ішіндегі қабырғалары әктеледі, сонымен бірге шағын ақаулар жөнделмек. Сондай-ақ монумент жылу науқанына дайындалады.
"Бәйтерек" қала тұрғындары мен қонақтары үшін 8 қазанда ашылады. Ол сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Бәйтерекке кіру құны 15 жасқа дейінгі балалар үшін — 500 теңге және ересектер үшін — 700 теңге.
Бұған дейін монументті жөнге келтіру жұмыстары 21-28 мамырда жүргізілген еді. Соңғы төрт айда 300 мыңнан астам адам "Бәйтеректі" тамашалаған.
sputniknews.kz