Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «OTAU TV» СПУТНИКТІК ТЕЛЕВИЗИЯСЫ КӨРЕРМЕНДЕРІ ҮШІН ЖАҢА «OTAU+» ТОПТАМАСЫН ҰСЫНАДЫ

«OTAU TV» СПУТНИКТІК ТЕЛЕВИЗИЯСЫ КӨРЕРМЕНДЕРІ ҮШІН ЖАҢА «OTAU+» ТОПТАМАСЫН ҰСЫНАДЫ

«Қазтелерадио» АҚ ұлттық операторы спутниктік теледидар желісінде шетелдік телеарналарды сапалы түрде қоса отырып «OTAU +» жаңа топтамасын іске қосты.
Енді 66 тегін отандық теле- және радио арналардан басқа, көрермендер 14 шетелдік түрлі жанрдағы телеарналарға қол жеткізе алады. Топтаманың құны айына 500 теңгені құрайды.
«OTAU TV+» топтамасы келесі қосымша арналарды қосады. Олар: «РТР Планета», «Рен ТВ интер», «Домашний», «СТС», «Мама», «Мульт», «Cartoon Network», «Amedia-2», «Дом кино», «Cinema», «Музыка Первого», «Здоровое ТВ», «Россия 24» және «Bollywood».
  Естеріңізге сала кетсек «OTAU TV» спутниктік телевизиясының «Тегін» топтамасында 66 отандық теле- және радио арналар (абоненттік ақысыз) SD және HD форматтарында көрсетіледі.
Ақылы топтамаға қолжетімділік алу үшін қосымша жабдықтарды орнатудың қажеті жоқ.
«Қазтелерадио» АҚ спутниктік хабар тарату желісі Қазақстан аумағының 100% қамтылуын қамтамасыз етеді, онда кез-келген елді мекеннің кез-келген тұрғыны тікелей спутниктік қабылдау қызметтерін ала алады. «ТВ-коммерция» ЖШС-мен жасалған келісім-шарт аясында «Казтелерадио» АҚ инфрақұрылымын пайдаланып шетел телеарналарын көтеру арқылы, базалық топтамадағы 66 арнаны тегін және 76 арнаның «Премиум» топтамасында ақылы түрде, «VIP» топтамасында 4 арна (олар HD форматындағы 20 арнаны қамтиды) көрермендерге тамашалауға ұсынуға мүмкіндік жасады.

http://mic.gov.kz/ru/news/sputnikovoe-televidenie-otau-tv-zapuskaet-dlya-telezriteley-novyy-paket-otau

13 сәуір 2018 ж. 1 170 0