Қазақстанда теледидар мен радио уақытша тоқтатылды

15 қаңтар күні таңғы үште теледидар мен радио өшірілді. Трансляция сағат 17: 00-де жалғасады. Себебі, мамандар спутниктік, цифрлық және аналогты тарату желілерінің техникалық құралдарындағы қызметтерді жақсарту жұмыстарын жүргізетіні туралы хабарлады.
Аталмыш жұмыстарды Қазтелерадио тоқсан сайын жүргізеді. Бұл тұтынушыларға сапалы хабар таратуға көмектеседі.