Заңсыз жолаушы тасымалдағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. құзырлы органға дара кәсіпкер ретінде тіркелместен, жеке көлігімен жолаушы тасымалдаған, яғни тiркеусiз немесе арнайы рұқсатсыз кәсiпкерлiк қызметпен айналысқан.
Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 29 169 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі