Қызылордада тұрақты жұмыспен қамту қарқыны жоғары

«Жыл басында әр әкіммен жасалған меморандумдар бойынша биыл өңірлерде 431,5 мың жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс. Бұл, «Еңбек» бағдарламасы мен «Жұмыспен қамту» жол картасын есептемегенде. Ресми ведомстволық статистика бойынша, жеті айда 300 мың 207 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 149 мыңы – тұрақты жұмыс орны. Бұл жерде ерекше назар аударатыны – ол сол құрылған жұмыс орындарының ішінде тұрақты қызметтер», – деді министр онлайн режимде өткен Үкімет отырысында.
Оның сөзіне қарағанда,Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында тұрақты жұмыс орындарының үлесі 70 пайыздан артып отырса, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында керісінше, уақытша жұмыс орындарының үлесі басым болып отыр.