Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 тамызға арналған ауа райы болжамы

22 тамызға арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн райы ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, дауыл соғуы мүмкін, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарынын кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
22 тамыз 2020 ж. 363 0