Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік мектептер қандай жағдайда карантинге жабылатынын айтты

Министрлік мектептер қандай жағдайда карантинге жабылатынын айтты

Kyzylorda-news.kz. Оқушылар арасында COVID-19 жұқтырғандар саны артқан жағдайда оқу орындары карантинге жабылады. Бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
Жаңа оқу жылының басынан бастап Қазақстанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқитын болады. Алайда бастауыш сыныптар мен шалғай ауылдардағы оқушылар мектепке бара алады. 
Егер оқушылар мен мұғалімдер арасында коронавируспен ауыратын науқастар анықталса, мектептер қайтадан карантинге жабылуы мүмкін.
«Мектептерде барлық санитарлық талаптар сақталады, балалардың жағдайы қадағаланады. Егер баланың дене қызуы болып немесе ауырып тұратын болса, ЖРВИ белгілері байқалса, онда мұндай балалар мектепте келуден босатылады. Біз ауру көрсеткішін және науқастардың медициналық ұйымдарға жүгінуін қадағалап отырмыз. Сырқаттанушылық өсуі кезінде бұл оқу ұйымдары карантинге жабылады», – деді денсаулық сақтау вице-министрі.
Ажар Ғиният мектептерді карантинге жабу туралы шешімді санитар дәрігерлердің қабылдайтынын айтты.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан 9 963 адамның емделіп жатқанын, оның ішінде 49 бала бар екенін айтты. Жағдайлардың 80%-інде балаларда коронавирус жеңіл өтеді. Алайда мультижүйелік қабыну синдромы немесе Кавасакиге ұқсас синдром түрінде кездесетін асқынулар да бар. Қазір республикада 16 балаға осындай диагноз қойылды. 
Бастауыш сынып оқушылары үшін мектептерде кезекші сыныптар ашылады. Ол жерде оқушылар саны 15 адамнан аспайды. Сабақ «бір сынып – бір мұғалім» қағидаты бойынша жүргізіледі. Оқушылар медициналық маска тағып, арақашықтықты сақтайды.
26 тамыз 2020 ж. 511 0