Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

1 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, 1 қыркүйекте Қазақстан аумағынан атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Республиканың кей жерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің тек оңтүстік, оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Қазақстанның кей бөлігінде ғана тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Ақмола облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақтан облысының кей жерінде найзағай ойнап, тұман түседі.
Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерінде жел 18 м/с жылдамдықпен соғады.
Күндіз Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Батыс Қазақстан облысының бірқатар өңірінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай ойнап, жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде, Павлодар облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
baq.kz
01 қыркүйек 2020 ж. 470 0