Саланың дамуы бәсекеге қабілеттілікті арттырады
![](/uploads/posts/2020-09/medium/1599047051_img-20200901-wa0012.jpg)
Сонымен бірге жеке шаруашылықтың мүмкіндігіне қарай азық-түлік хабтарын құру да қамтылып, ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуі тиістігі айтылды.
Ал алдағы жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Ең маңыздысы, жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Дегенмен аграрлық секторға инвестиция тарту, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласында кәсіби мамандардың тапшылығы. суару жүйесіндегі кемшіліктер және салаға заманауи тенолногиялар мен инновацияны енгізуге де мән берілді.
Халық үшін жағымды жаңалық – жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтындығы. Бірақ Үкіметке ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеу тиістігі тапсырылды. Кәсіби мамандардың тапшылығы, сондай-ақ аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы – бұл саладағы қордаланған мәселелер. Осы бағытта атқарушы билік тарапынан нақты шаралар қабылдануы керектігі де айтылды. Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда ауыл шаруашылығы саласындағы осындай өзекті мәселелерді шешу – үлкен міндет.
М.Садуақасов,
аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы.
М.Садуақасов,
аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы.