Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Аңсаған сәби»: квотаға кім ілігеді?

«Аңсаған сәби»: квотаға кім ілігеді?

Қазақстанда бедеулік пен белсіздік медициналық мәселе аясынан шығып, әлеуметтік түйткілге айналып барады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде әрбір алтыншы отбасының балалы бола алмай отырғанын, отбасылардың 20 пайызы баланың жоқтығынан ажырасуға бел буатынын Жолдауда айтты. Тіпті, Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның демографиялық ахуалының қиын екенін еске салды. Енді Президент бастамасымен Үкімет 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске қосып, экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісіне бөлінетін квота санын 7 000-ға дейін арттырмақ. Репродуктолог мамандар квотаның еселеп артуы 4-5 жыл кезекте тұратын отбасыларға тезірек сәби сүюге мүмкіндік береді десе, демографтар әлеуметтік мәселе – ажырасуды тежеуі мүмкін деп үміттенеді.
https://aikyn.kz/
04 қыркүйек 2020 ж. 610 0