Отандық өнімнің оңды нәтижесі

Бүгін орталық жастары "Социум Қызылорда" қоғамдық қорымен бірлескен шараға қатысып, алқаптағы қызу жұмысты көзбен көрді.
Мұнда Испания, Голландия секілді елдердің жоғары сортты қауындарының көптеген түрі тамшылатып суару әдісімен өсірілген, экзотикалық жемістер өз жемісін беруде.
Шағын шаруашылықтың жұмысы ширақ, жас мамандардың алға жоспары жүйелі. Олар егіс көлемін арттырып, Сырда барлық өнімді шығаруға болатынын дәлелдемек. Алдағы уақытта жастарды да осы іске баулып, тәжірибеден өткізуге ынталы.