Досына кітап сыйлап, интеллектуалдық сайыста бақ сынады

Осыған орай орталық білім бағытындағы "Кітап сыйла!" акциясын "Кітап құрттарымен" бірге үзбей жалғастырып келеді. Бүгінгі Қазақстан халқы тілдері мерекесінде де жастар бұл шараны ұмыт қалдырмады.
Кітапты ең жақын досы еткен жандар акцияға белсене қатысып, ерекше әсермен тарқасты. Олар үйіне барып, жаңа оқиғалар желісіне құрылған мәні мол, тағылымы зор туындыларды парақтауға асықты.
Сонымен қатар қатысушылар мерекеге орайластырылған интеллектуалдық сайыста да біліктілігін көрсетті. Жүзден жүйрік шыққандар жеңімпаз деп танылды.