Кітапханаға кітап сыйла
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игілігінің бірі – толыққанды білім алу үшін кітаптың алар орны ерекше. Кітап – адамның жан дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлығы.
Осыған байланысты жақында кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, қалалық №3 кітапхана қызметкерлері оқырмандарды кітапханаға тартып, кітап қорын толтыру мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткізілді.
Оған қала тұрғыны, кітапхананың тұрақты оқырманы Қасқырбай Мырзамбетов белсене қатысып, кітапханаға Мешітбай Құттықовтың «Қайдасың, Арал?!», Бекұзақ Тәңірбергеновтің «Аралдың табанынан су кеткенмен, халқының жүрегінен жыр кеткен жоқ» атты әдеби кітаптарды сыйға тартып, көпке үлгі бола білді.
Алдағы уақытта да бұл шара жалғасын таппақ. Кітап құндылығын терең түсінетін жандар кітап қорын молайтуға үлесін қосып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Ақгүл Ержетқызы,
№3 кітапхана меңгерушісі