Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өскеменде ерекше аялдама орнатылды

Өскеменде ерекше аялдама орнатылды

Өскеменде үлкен кітап сөресі түріндегі аялдама орнатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аялдаманың түрі ғана ерекше емес, ол автобус күтіп тұрған адамдардың уақытын тиімді өткізуге көмектеседі.
«Аялдамада кешенді кітаптар қойылған сөре бар. Бірінші кітап даналарын біз өзіміз алып келгенбіз. Адамдар оларды еркін алып, оқуларына болады. Қала тұрғындары да сөреге қоятын кітаптарды алып келеді деп үміттенеміз», - деді А.Пушкин атындағы кітапханада маманы.
Мұндай кітап алмасу түрі Еуропада кең таралған. Ол кроссбукинг деп аталады. Ұйымдастырушылар ол жайында жақын уақытта өскемендіктер де білетін болады деп үміттенеді. Кітаптардан бөлек, кешен қабырғаларынан түрлі туындылардың QR-кодын табуға болады. Код арқылы оларды телефонға жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.
«Аялдама кешені Wi-Fi және ыңғайлы орындықтармен жабдықталған. Сондықтан, кешен адамдарға үлкен жайлылық сыйлайды деп сенемін», - дейді «Кітап аялдамасы» идеясының авторы Райхан Алханова.
Бір ай бұрын студент қыз ерекше аялдама кешенінің идеясын жүзеге асыру туралы қала әкіміне ұсыныс жасаған болатын.Қуат Тұмабаев жобамен танысып, оны мақұлдады. Бір ай өткен соң жоба жүзеге асырылды. Қала басшысы мұндай аялдама өскемендіктерге ұнап, оның тиімділігі болып жатса, онда осындай аялдамалар қаладағы барлық кітапхана маңына орналастырылатынын айтты.

23 наурыз 2018 ж. 1 604 0