Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыс орнындағы жайлылық: аяққа қатысты кеңестер

Жұмыс орнындағы жайлылық: аяққа қатысты кеңестер

Егер сіз жұмыста үнемі компьютердің алдында отыратын болсаңыз айналаңызға мән беріп, жайлылық жасап алғаныңыз жөн. Орындық аса ыңғайлы әрі жұмсақ, аяқтарыңыз бен қолдарыңызға ыңғайсыз болмауы керек. Көп жағдайда жұмыс берушілер мебелдің арзан әрі әдемі болғандығына ғана мән беріп жатады. Мұндай жағдайда өзіңіз әрекет еткеніңіз жөн. Кеңсе қызметкерлері көбінесе аяқтары мен бел ауруынан зардап шегеді.Мұндай жағдайда аяқтарыңызды жайлылығы үшін аяққа арналған құрылғы қойып алуыңызға болады. Оны таңдауда қателікке ұрынбаңыз. Және мына жайттарды есте сақтаңыз: тұғырдың салмағы резеңкеленген негізі болуы керек. Қиғаш және биіктік бұрышы реттелуі керек. Біз әр түрліміз , сондықтан өзіңіздің ыңғайыңызға қарай қолайлысын таңдағаныңыз жөн. Аяққа қоятын тұғырдың массаж функциясын атқаратын түрлері де кездеседі. Оны алу алмау өз еркіңізде, бірақ бұл тақырыпқа келгенде саянудың қажеті жоқ. Таңертеңнен кешке дейін отыратын жұмыс орнында өзіңізді жайлы сезіну ең бастысы. Аяққа қоятын тұғыр арқылы көптеген аурулардың алдын аласыз.
19 наурыз 2018 ж. 1 497 0