"Жасырын кітапханаларда" не сақталды?

«Осындай ұмыт болған дүниенің бірі – жасырын кітапхана. Жасырын кітап сақтайтын орын сол уақытта өте көп болды» дейді аманөткелдіктер. Қай уақытта да Ислам дінінен қол үзбеген ауыл қазақтары жасырын намаз оқып, ораза ұстайды. Бірақ мұны біліп қалған жағдайда ауыр жазалап, тіпті ату жазасына кесілген. Ал үйінде Құран, өзге де асыл дінді насихаттауша діни кітаптар сақтағандардың жазасы одан да ауыр болды. Міне, осы қиындықты жеңу үшін төбесі жабылып салынған мазарлар мен бейіттердің ішіне діни мазмұндағы кітаптарды жасырып, жасырын кітапханаға айналдырыпты. Қазір құлаған бейіттер ғана қалған. Өкінішітісі жасырын түрде кітап сақталған бұл жерлерде бірде бір белгі қойылмаған.
Оңталап ЖОЛДАСОВ