Өлеңнің жүйрік дүлдүлі

Жете алмай келем жағаға,
Жол салып теңіз түбімен.
Жалғыздан жалғыз шағала,
Төбемнен төмен үңілген» – деп жырлап, туған жерге деген ыстық сезімін осылай жеткізіп еді.
Осыған байланысты шарада «Аралды сүю керек қайтқанда да» атты бейнебаян көрсетілді. Шара барысында кеш қонағы, өлең өлкесінде бірге жүрген сыйлас інілерінің бірі Ерғали Абдулла аға ақынның саналы ғұмырында жасаған ерен еңбектерін ортаға салып, естеліктерімен бөлісті. Жыршы-термеші Айна Тұяқова, Гүлжамал Бейісовалар жырдан шашу шашып, №260 мектеп оқушылары Мешітбай ақынның өлеңін жатқа оқыды. Кітапхананың тұрақты оқырманы Ж.Дәрімбетов ақын шығармасына кеңінен тоқталды. Шара соңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы С.Дәрібаев, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырманға қызмет ету бөлімінің меңгерушісі М.Ақмырзаева кешке қатысушы оқырман қауымға алғысын жеткізді. Кітапханашы Б.Әбілдаева «Халқымның сүйікті қаламгері» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кеш қонағы М.Құттықова кітапхана қорына сыйға ақын-жазушы, марқұм әкесі М.Құттықовтың бірнеше кітаптарын тарту етті. Ақын Мешітбай Құттықовты еске алуға арналған кеш соңы концертке ұласты.
АқгүлЕржетқызы,
қалалық №3 кітапхана меңгерушісі