Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Толқын түлеткен тау Тұлға

Толқын түлеткен тау Тұлға

Шөмішбай Сариев
Қазіргі қазақ пэзиясының көрнекті өкілінің бірі – Шөмішбай Сариев. Ол 1946 жылы Арал ауданы, Шөміш стансиясында дүниеге келген. Теңіз табанынан түлеген қара домалақ баланы бүгінде күллі қазақ әрі ақын, әрі сазгерлігімен таныйды. Ал, толқында туып, теңізде тербеліп өскен бала Шөмішбайдың бір кездері бар арманы теңізші болу еді. Бұл туралы ақын өз естелегінде былай деген:  «Мен Арал теңізінің перзентімін. Соданда болар жастайымнан мен капитан болам, матрос болам, маряк болам деп армандап, бар жүрегіммен теңіздің баласы болғым келіп, сол теңіздің оқуын оқыдым»- дейді.  Бірақ,  бұл арманы балалықтың бал құшағында қалып, өзі туған теңіз бетінде ерке толқынмен астасып, өлең болып өріліп жатты. Талай жүректің іңкәрі  бірде жыр боп ағытылып, бірде сыр боп төгілген асыл анаға ән арнап жыр жазбаған ақын не сазгер кем де кем шығар. Шөмішбайдың да  тұңғыш қалам тартқан тақырыбы аудандық «Толқын газетінде» жарияланған «Ана туралы жыр» өлеңі еді.  
  • Ең жақыным жанашырым қымбаттым,
Сенсің анам өзің мені жырлаттың.
Ұлы еңбектің думанында жүрсем де,
Жұдырықтай жүрегімде сен жаттың.
Осы өлеңім аудандық газет бетінде алғаш рет жарық көрді. Бұл өлеңде «Ұлы еңбектің ортасында жүрсем де» деген жолдарды газет қызметкері өз жанынан қосқан. Ол кезде мен мектеп оқушысымын басқаша жазған болуым керек. Осылай аудандық газетке өлеңімді жариялағаны үшін алғыс айтуға  Сағындық Тұрдыәлиевке бардым.»- дейді Шөмішбай Сариев. 101 өлең жассам да бір өлең үшін күрестім дейтін ақын бозбала күнінде-ақ ұлылардың қатарынан көрінді. Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі,Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері, Филолгия ғылымдарының кандидаты Шөмішбай Сариев  Франц Кафка атындағы халықаралық алтын медалімен марапатталып, «Платинды Тарлан», «Парасат ордені» , «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «Жыл адамы – Алтын Адам» ұлттық сыйлығын иеленген.     Академик Серік Қирабаев Шөмішбай Сариевті өз қатарларынан оза шапқан ақын ретінде бағалап, әдебиетке ХХ ғасырдың 70-жылдары келген топтың ішінен оның оқ бойы озық тұрғанын баса айтса, өнертану ғылымының докторы, музыкатанушы Сара Күзембаева ақын өлеңдерінің 300-ден астамына ән жазылғанын, сол әндердің көпшілігі үлкен байқаулардан жүлде алғанына ақынның асқақтығын айқындай түседі деді.             Ал,ақын Ғафу Қайырбек Шөмішбайды «қос қанатты ақын»- деп баға берген.Себебі: оның бір қанаты өміршең өлеңдері болса енді бір қанаты әуезді әндері. «Қазағымның жүрегімен жырлаймын» деп, егемен елдің тәуелсіздігінің ғұмырлы  болуын жырлап жүрген, халқын шынайы сүйген патриот ақынның өшпес өлеңі мен өлшеуіш әндері ұрпақ санасында ғасырдан да ұзақ жасап, асқар биігінде қалары сөзсіз.
12 ақпан 2018 ж. 2 201 0