Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады.

8 қыркүйек, сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етеді, осыған байланысты күн райы ашық болады, тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Түркістан, Қызылорда, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, Ақмола, Жамбыл, түнде Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
baq.kz
08 қыркүйек 2020 ж. 366 0