Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавируспен ауырғандардың иммунитеті мықты болады – Дәрігер

Коронавируспен ауырғандардың иммунитеті мықты болады – Дәрігер

Соңғы зерттеулер коронавируспен ауырған науқастардың  иммунитеті мықты екенін растап отыр. Бұл туралы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Әлемдік қоғамдастықта тұрақты иммунитеттің бар-жоғы немесе бұл иммунитеттің қысқа мерзімді екендігі туралы көптеген пікірталастар мен көзқарастар бар. Бүгінгі таңда бұл мәселеде жалпы үйлесімділік жоқ, зерттелу үстінде. Бірақ соңғы шолу мақалаларда covid инфекциясынан кейін тұрақты әрі мықты иммунитет қалыптасады деген ақпарат бар. Сонымен қатар, егер бұрын covid-инфекциясының түрі неғұрлым ауыр болса, иммунитет соғұрлым тұрақты болады деп айтылса, қазір бұл сұрақтың жауабы болашақтың еншісінде деп ойлаймын», – деді Бекбосынова ОКҚ брифингінде.
Ол осы күнге дейін коронавирусты қайта жұқтырған бір ғана науқас болғанын, бірақ осы вирустың басқа штаммы сипатталғанын айтты.
«Бұл хабарлама Сингапурдан келді. Науқас жеңіл түрде COVID вирусының басқа штаммының инфекциясын жұқтырды», – деді ол.
https://kyzylorda-news.kz/​​​
28 қыркүйек 2020 ж. 539 0