Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алик Шпекбаев Алматы жұртшылығымен сөйлесті

Алик Шпекбаев Алматы жұртшылығымен сөйлесті

Алик Шпекбаев Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдарымен дәстүрлі кездесу өткізді. Онда Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары мен Агенттік қызметінің негізгі нәтижелері таныстырылды.
Достық үйіне жиналған үкіметтік емес және еріктілер ұйымдарының танымал өкілдері, құқық қорғаушылар, журналистер, сарапшылар Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үш пакетімен; мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған трансформациялық үдерістермен; бюджет шығыстарын оңтайландыру жөніндегі алдын алу жұмысының нәтижелерімен; елде парасаттылық идеологиясын ілгерілету жөніндегі жаңа тәсілдермен жан-жақты танысты.
«Белсенді азаматтық қоғамсыз жемқорлықты барынша азайту мен жою туралы айтудың өзі жөнсіз. Сондықтан біз қоғамдық серіктестерді таңдауда және оның санын арттыруда өзімізді шектемейміз. Бүгінгі таңда Агенттікті 80 мыңға жуық жемқорлыққа қарсы белсенділер мен еріктілер қолдап отыр. Олардың тегін қызметі азаматтардың нақты мәселелерін шешуге көмектесті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыста ыңғайсыз серіктестер мен болмашы мәселелер болмайды. Осыған орай, біз үшін өзекті мәселе жайлы ашық айтатын, сындарлы шешімдер ұсынуға дайын және бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын кез-келген азамат маңызды. Қарапайым және баршаға түсінікті формула: «Сынайсың ба – ұсын, ұсынасың ба – жаса, жасайсың ба – жауап бер», - деп мәлімдеді А. Шпекбаев.
Республикалық арнайы мониторингтік тобының жетекшісі А.Соловьева модераторлық еткен кеңесте оңтүстік астананың шақырылған қоғам белсенділері жемқорлыққа қарсы жұмысқа, оның ішінде  саяси жаңғырту және қоғамды демократияландыру тұрғысынан өз көзқарастары мен пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар, әрбір сөз сөйлеуші Алматыға тән нақты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атап өтті. Атап айтқанда, Мәжілістің экс-депутаты С. Романовская тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы әрекетсіздігі үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін қатаңдатуды ұсынды.
«Адам құқықтары үшін хартия» ҚҚ атқарушы директоры Ж.Тұрмағамбетова өзге қоғам өкілдерімен қатар «қаланың, әсіресе тектоникалық жарықтар аймағындағы ойластырылмаған нүктелік құрылысының» ерекше өзектілігін атап өтті.
Танымал блогер және волонтер С.Тәукелева пандемия кезінде Агенттікке белсенді қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, бақылау-қадағалау органдары тарапынан мониторингтік топтарға қысым көрсетудің ықтимал тәуекелдерін белгіледі.
«ІІМ реформасы үшін» қозғалысының жетекшісі Е. Нұрпейісов ІІМ-нің трансформациясы туралы өңірлік полиция департаменттері басшыларының тоқсан сайынғы қоғамдық тыңдауларын тәжірибеге енгізуді ұсынды, сондай-ақ бас санитарлық дәрігерлер қызметіндегі жоғары жемқорлық тәуекелдеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Жер мәселелері жөніндегі сарапшы Б.Базарбек мыңдаған гектар жерді ауыл шаруашылығына пайдалану үшін бөлу кезінде өзекті мәселелерді көтеріп, қызметі «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне» толы жер комиссияларының жауапкершілігін қатаңдатуды ұсынды.
Адвокаттар Д. Өтебеков пен Ж. Оразбақова сот жүйесіндегі жемқорлықтың алдын алу, заңсыз баю үшін қылмыстық жауапкершілік туралы БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясының 20-бабын іске асыру қозғады.
Агенттік төрағасы барлық мәселелер бойынша толық түсініктемелер беріп, бірқатар нақты өтініштер мен өтініштерді бақылауға алды.
«Қоғам белсенділерімен әрбір жаңа кездесу – бұл таза лепті ауамен тыныс алғандай әсер береді. Біз үшін сындарлы шешімдермен бекітілген баламалы көзқарастар өте маңызды. Біз осындай кездесулер барысында жиналған көптеген дүниелерді пысықтап, еліміздің жоғары басшылығының назарына жеткізетінімізді баршаңызға айтқым келеді. Ең бастысы, бірқатар қоғамдық бастамалар бойынша біз толық қолдауға ие болдық», - деп түйіндеді кездесуді А. Шпекбаев.
Одан әрі қоғамдық белсенділер қатарынан құралған делегация «Qoldau» кәсіпкерлікті қолдау орталығына және Наурызбай ауданының сервистік әкімдігіне барды. Екі нысан арқылы қала билігінің ашықтық және тұтынушыға бағдарлану қағидаттарына нақты көшу жұмысы көрсетілді. Наурызбай ауданы әкімдігінің фронт-кеңсесі мен азаматтармен тиімді қарым-қатынас орнату мақсатында аудан әкімі С. Тоғаевтың open-space-ке көшу бастамасы қоғам белсенділерінің ерекше қызығушылығын тудырды.
 Соңында Агенттік төрағасына жемқорлыққа қарсы тақырыптағы жаңа көркем фильмнің синопсистері таныстырылды. Продюсерлер мен сценаристердің пікірінше, жемқорлық мәселесі көтерілген кинотаспа киностудия сөресінде жатпай, көрерменді қызықты сюжетке батырып, жемқорлықтың жеке адам мен оның отбасын қандай қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін тағы бір мәрте ойландыруға сеп болуы тиіс.
28 қыркүйек 2020 ж. 383 0