Қазақстан мен Моңғолияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының басшылары онлайн кездесу өткізді

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды (whistleblowing) қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары үшін шетелдік юрисдикцияларда активтерді иеленуге тыйым салу жөніндегі шараларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында тараптардың әрқайсысы өз елінің жемқорлыққа қарсы саясатының бағыттарын және оның нәтижелерін таныстыру бейнероликтерін көрсете отырып баяндады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы біздің ымырасыздық әрекетіміз, ең алдымен, ел басшылығының саяси ерік-жігеріне, азаматтық қоғамның, бизнестің және қатардағы қазақстандықтардың кең қолдауына байланысты. Бізден нақты мәселелерді шешу күтілуде. Жемқорлықты азайтуда елеулі серпіліс жасау қажет», – деп атап өтті Алик Шпекбаев.
Моңғол тарапы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының жекелеген ережелерін іске асыру тәжірибесін жан-жақты айтып өтті.
БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 20-бабын іске асыру тәжірибесі зор қызығушылық тудырады. Мемлекеттік қызметші табысының едәуір артуының заңдылығы расталмаған жағдайда түрмеге қамалуы мүмкін. Сонымен бірге, аталған активтер тәркіленеді, айыппұл салынып, мемлекеттік қызмет атқаруға шектеу қойылады.
Моңғолияда пара ұсыну мен оны қабылдауға келісім криминализацияланған. Мұндай құқық бұзушылықтар 5000$ дейінгі айыппұлмен немесе кейін мемлекеттік лауазым атқару құқығынсыз 5 жылға дейін бас бостандығын шектеумен/айырумен жазаланады.
Кездесу соңында тараптар одан әрі ынтымақтасу және халықаралық стандарттарды енгізу барысында өзара тәжірибелік қолдау көрсету туралы келісімге келді.