Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде жеті медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде жеті медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы бокстан Сербияның Белград қаласында өткен халықаралық турнирде жеті медальға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Байрақты бәсекеде жалғыз алтын медальді Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін) жеңіп алды.
Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) және Ибрагим Бетаев (90 келіге дейін) күмістен алқа тақты.
Ал Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Нұрсұлтан Шілдебай (80 келіге дейін), Аян Қалмағанбетов (85 келіге дейін), Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Фото: Margit Kincses
20 мамыр 2026 ж. 38 0