Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан бокстан әлем чемпионатында үшінші орын алды

Қазақстан бокстан әлем чемпионатында үшінші орын алды

Екатеринбургте бокстан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстандық боксшылар чемпионатта түрлі позицияда алты медальға қол жеткізді.
Қазақстан қоржынында бір алтын медаль бар. 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов алтын медальді иеленді.
Күміс медальға Қамшыбек Күнқабаев қол жеткізді.
Қазақстаннан келген былғары қолғап шеберлері төрт «қоланы» иеленді. Олар – Сәкен Бибосынов ( 52 келі салмақта), Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін), Тұрсынбай Құлахмет (75 келіге дейін) және Василий Левит (91 келіге дейін).
Қайрат Ерәлиев пен Закир Сафиуллин марапатсыз қалды. Медальдік есептік көрсеткіште Қазақстан құрамасы үшінші орынға табан тіреді. Бірінші орынға Өзбекстан шықса (үш алтын, бір күміс, бір қола), екінші орынға Ресей табан тіреді (үш алтын, бір қола).
https://aikyn.kz/sport/boxing/8669-qazaqstan-bokstan-aelem-chempionatynda-uesh%D1%96nsh%D1%96-oryn-aldy/


23 қыркүйек 2019 ж. 718 0