Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 жылдан бір қайталанатын құбылыс

15 жылдан бір қайталанатын құбылыс

6 қазан күні Жер мен Марс бір-біріне өте жақын арақашықтықта орналасады. Қызыл планетаның үлкен және жарық болатыны соншалық, оны Жерден оңай көруге болады.
Осы аптада Марс пен Жер бір-біріне 62,1 млн шақырымға жақындайды. Сонымен қатар Science Alert айтуынша, аспанда жұлдыздар аз болатындықтан, Юпитер мен Сатурнды да көруге болады.
Марс пен Жер эллипс тәрізді орбиталарда орналасқан және кейде бір-біріне өте жақын келуі мүмкін. Әсіресе, Жер Күннен (афелий) алыстағанда, ал Марс Күнге (перигелий) жақын орналасқанда, Жер мен Марс арасындағы арақашықтық азая түседі.
24.kz
05 қазан 2020 ж. 653 0