Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Республиканың оңтүстігінде түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, екпінді жел, көктайғақ, шығыс пен орталықта жаяу бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-25 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.
Ақмола, Павлодар облыстарында желдің күші 15-23 м/с артады.
Жамбыл, Ақтөбе, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде түнде 1-5 градус үсік күтіледі. Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
https://kyzylorda-news.kz/