Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Банктің қызметін үйде отырып, қалай пайдалануға болады?

Банктің қызметін үйде отырып, қалай пайдалануға болады?

Қазіргі таңда банктің клиенттері ұзын сонар кезекте тұрғаннан гөрі ұйымның мобильді қосымшасын пайдаланғанды жөн көреді. Сіз қазірдің өзінде коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу, жақындарыңызға ақша аудару, тіпті қаржыңызды шетел валютасына айырбастау сынды қызметтерді орындау үшін банктің бөлімшесіне бармай-ақ, өзіңізге ыңғайлы уақытта үйден іске асыра аласыз. Ол үшін интернет, компьютер немесе смартфон болғаны жеткілікті. Ал COVID-19 пандемиясы басталғалы бері банктің қызметін үйден шықпай-ақ қолдануға сұраныс арта түсті. 

Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, қаржы операцияларын орындау үшін кей кездері жұмыс орнын қалдыру мүмкін болмай жатады. Немесе қарапайым күйбең тіршілікпен жүріп, банкке баруға уақыт болмайтыны жасырын емес. Бағымызға орай, бүгінгі күні заманауи технологиялар банктің қызметтерін үйде я болмаса кеңседе отырып пайдалана алатындай мүмкіндіктер сыйлады. Қазір қаржы үдерістерін іске асыру үшін банктің бөлімшесін іздеп тауып, оған құжаттарыңызды арқалап барудың қажеті жоқ. Көп жағдайда сіз банктің қызметтерін интернет және мобильді банкинг көмегімен қолдана аласыз. 
Интернет-банкинг - банктегі шотыңыздағы ақшаны интернет арқылы басқару жүйесі. Қаржы ұйымында тіркеліп, жеке логин мен кілтсөзге ие болған кез келген азамат үйінде отырып, банктік қызметтерді өз бетінше пайдалана алады. 
Интернет-банкингті пайдалану түрлі ұйымдарға да ыңғайлы. Себебі осы қызмет арқылы жұмыс беруші мекемелер қаржы аударымдарының тарихын тексеріп, теңгерім жайлы ақпарат қарап, есепшоттарға ақша аударып, депозиттік түбіртектерге қашықтан қол жеткізе алады. 
Интернет-банкинг арқылы мына қызметтерді іске асыруға болады: 
1. Есепшоттарыңызды басқару: сіз шотыңызда іске асырылған транзакцияларды қадағалап, қалған қаражатыңызды көре аласыз.
2. Түрлі қызметтердің ақысын төлеу: қазірігі таңда онлайн-банкингтің көмегімен салық, айыппұл, коммуналды қызметтер, цифрлы теледидар және интернеттің төлемін жүргізу қарастырылған. Ал төлемдерді тез әрі ыңғайлы болуы үшін бұған дейін төленген қызметтерді арнайы бөлімге сақтап қоюға болады. Тіпті, кейбір банктерде "өздігінен төлем жүргізу" қызметін таңдау мүмкіндігі бар, соның арқасында сіз қызметақының уақыты жайлы алаңдамай жүре аласыз. Мерзімі келген кезде жүйе қажетті мекемелерге ақшаны өзі аударып отырады. 
3. Жаңа есепшоттар аша аласыз. 
4. Ақша аударымдарын жасау, несиелік карталар үшін төлем жасау, электронды әмияндарды толтыру. 
5.  Банктің басқа да клиенттеріне немесе басқа қаржы ұйымдарына ақша аудару. 
Ең ыңғайлысы - интернет-банкингті қолдану - ақысыз.
Интернет-банкингтің артышылықтары:  
Қолдануға ыңғайлы. Қаржы транзакциясының орындалғанын көргіңіз келеді ме? Интернеттегі жеке кабинетіңізге кіріп, банктік есепшотыңыздың тарихын қарауыңызға болады. 
Ұялы телефоныңыздың теңгерімі күтпеген жерден таусылып қалды ма? Интернет-баникинг арқылы ақша аударыңыз. Егер сізде ұялы телефон не компьютер және интернет болса, әлемнің кез келген жерінде тұрып, сіздің шотыңыз арқылы жүзеге асырылған қаржылық операциялардың барлығын көре аласыз. 
Комиссияның төмен болуы немесе мүлдем жоқтығы. Мәселен, интернет арқылы жүзеге асырылатын үдерістер үшін әдетте банк комиссия тағайындамайды. Тек банк қызметін пайдаланғаныңыз үшін ғана бір жылдан кейін төлем жасау қажет болады. 
Аударымдардың жылдам жүзеге асырылуы. Интернет-банкинг арқылы қаржы операцияларын бірнеше минутта орындауға болады. Яғни, сіз кез келген уақытта досыңызға немесе туысыңызға қажетті соманы аудара аласыз. 
Уақытты үнемдеуі. Бұл жерде айтпаса да барлығы түсінікті. Интернет-банкингті қолдану арқылы сіз банктің бөлімшесіне бару, кезегіңізді күту, бірнеше адамдардан кейін төлемдер жүргізу, бөлімшеге баруды алдын ала жоспарлау сынды дүниелерді ұмытсаңыз болады. 
Интернет-банкингті, әсіресе, смартфон арқылы қолдану ыңғайлы. Ол үшін банктің мобильді қосымшасын өзіңіздің ұялы телефоныңызға орнатсаңыз болғаны. Қажет кезде сіз банктің қызметін осы мобильді қосымша арқылы пайдалана аласыз. 
Егер сіздің жұмысыңыздың әрбір минуты санаулы болса, сізге мобильді банкингті қолдану ең ұтымды тәсіл болмақ. Банктің қосымшасын өзіңіздің ұялы телефоныңызға жүктей отырып, сіз банкті "өзіңізбен бірге алып" жүре аласыз.
Қаржы ұйымдары онлайн-банкингті пайдаланудың әртүрлі платформаларын ұсынады. Осы тұрғыда Jýsan Bank-тің мобильді қосымшасын атап өткен жөн. 
Заман ағымына негізделе отырып, Jýsan Bank клиенттердің өзіне қажетті қызметтерді қысқа мерзімде орындауын қамтамасыз етуді көздейді. Jýsan Bank-тің мобильді қосымшасының бір ерекшелігі мұнда банктің қызметтерімен қатар басқа да еншілес ұйымдардың қызметтерін, атап айтсақ, сақтандыру, брокерлік, маркетплейс сынды қызметтерді пайдалана аласыз. Сондай-ақ мобильді қосымшаның көмегін жеке тұлғалардан бөлек, заңды тұлғалар да қолдана алу мүмкіндігі қарастырылуда. 
Jýsan Bank-тің мобильді қосымшасы арқылы көлігіңіздің сақтандыруын рәсімдеуден бастап, үйіңізге қажетті азық-түлік сатып алып, тіпті биржада құнды қағаздар саудасымен айналысуға болады. Алдағы уақытта қосымшада жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған жаңа қызмет іске қосылмақ. Ол арқылы кәсіпкерлер қашықтан есепшот ашып, оны бақылай алады.
Қосымшаның көмегін пайдаланып, сіз үйіңізге банктік картаға тапсырып беріп, депозит ашып, қажетті қызметтердің ақысын төлеп қана қоймай, несие рәсімдей аласыз.
Jýsan Bank ай сайын жаңа өнім шығаруды қолға алған. Мысалы, соңғы рет Jýsan Bank  елімізде төлем картасын жедел дайындап беретін картоматтар іске қосты. Бұл құрылғы арқылы сіз бөліп төлеу картасын да иелене аласыз. Бұдан бөлек, алдағы уақытта банк ұяшықтарын брондау қызметі іске қосылмақ. 
Тегін қызмет көрсету, қызметтер санының ауқымдылығы мен жеделдігі, ыңғайлы қосымша Jýsan Bank-тің мобильді банкингіне тән ерекшелік. Банктің барлық қызметін қалтаңыздағы смартфон арқылы қолданудан басқа артықшылық бар ма?
stan.kz
08 қазан 2020 ж. 327 0