Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертеңге жылу қондырғылары дайын ба?

Ертеңге жылу қондырғылары дайын ба?

Қызылордада ертеңнен бастап жылу беріледі.Қауіпсіздік шарасы каперде болу үшін төтеншеліктер шаһардағы аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен 2592 отбасының тізімін алып, 10 368 адамға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Алау Газ» мекемесімен бірлесіп мұржаларды тазартты.
«Облыста жыл басынан бері 409 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 252-і тұрғын үй секторынан және 32-і мекемелерде орын алған. Департамент қызметкерлері жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізіп, өрттің алдын алу мақсатында тұрмыстағы электр және жылыту қондырғыларын, жылыту пештерін қолдану, мұржаларын тазарту жөнінде үнпарақтар таратып, үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Сондай-ақ, 1250 дана көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктерді аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын үйлерге жылу беру маусымы алдында орнатты», – деді облыстық ТЖД бастығы Бағдат Данилов.
Айта кетейік, биыл жылу беру маусымы мерзімінен бес күн ерте беріледі. Қауіпсіздік шарасын қаперден шығармаған абзал.
kyzylorda-news.kz
09 қазан 2020 ж. 965 0