Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құс тұмауы қауіпті

Құс тұмауы қауіпті

Еліміздің солтүстік облыстарында құс тұмауы індеті тіркелгені белгілі. Ауру жабайы құстардың ортақ су қоймасын пайдаланудан келген. Зерттеуден кейін құстардың қандай диагноздан қырылғаны белгілі болды. Ол – жоғары патогенді құс тұмауы.
 Құс тұмауына шалдыққан  құстарда   қоректенуден  толық бас тартуы, соның салдарынан тірідей салмақтың тез төмендеуі,  күйзеліске ұшыраған көрініс, белсенділіктің төмендеуі, қабынған шырышты қабықшалар,  тыныс органдары мен тыныс алу жолдарын қиын және толығымен бұзатын қалың шырышты массаларының мол секрециясы,  дене температурасы 40-43 ° C дейін өсуі,  қоңыр-жасыл түсті диарея сияқты белгілері көрініс береді.
Құс тұмауының вирусының таралуы жабайы құстардың көктемге және күзге ұшу бағытына байланысты. Қазақстан Республикасының 24 ауданы, оның ішінде Оңтістік Қазақстан облысының Шардара, Мақтарал, Сарыағаш және Арал аудандары суда жүзетін құстардың күзге ұшу жолында орналасқан. Осы аудандарда құс тұмауы вирусының таралуы қаупі жоғары.
Осыған байланысты құс ұстаушы жеке және заңды тұлғалар мынадай қауіпсіздік шараларын жасауы қажет:
 1) үй құстарының жабайы, әсiресе суда жүзетiн құстармен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;
2) қажет болған жағдайда құстарды жабық типтi режимде ұстауға көшiру
3) құстың ауру және өлу жағдайы туралы дереу тиiстi округтің  ветеринар маманына хабарлау;
4) жабайы құстармен бiрге көлдердiң маңайынан радиусi 5 шақырым көлемiнде үй құстарын бағуға немесе жаюға жол бермеу.
5) шаруашылық жүргізуші субъектiлерде қолайлылықты сақтау, қажет болған жағдайда оларға дезинфекция жүргiзу;
Алдағы уақытта құс тұмауының алдын алу үшін аудан елді мекендерінде тіркелген құстарға вакцина егілетін болады, сондықтан иелігінде құсы бар жеке және заңды тұлғалар құстарын жегілікті атқарушы органдарға тіркетіп отыруы керек.
Шетелдерден және құс тұмауы тіркелген аудандардан құс өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған. Жеке шаруашылықта үй құстарын күтүде арнайы киім, бетперде кию, оларды күнделікті залалсыздандыру, құс тұмауына күдікті, ауырған құстарды басқаларынан жеке оқшаулап, мал дәрігеріне хабарлау, мұздатылған құс өнімдерін асқа пайдаланғанда гигиеналық талаптарды қатаң орындай отырып, сақтық шараларын жасау денсаулығымыздың кепілі екенін есте ұстау қажет.
Е.Жұмағалиев,                                             
     Арал аудандық ветеринариялық
     станциясының дәрігер-эпизоотологы.
10 қазан 2020 ж. 878 0