Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кез келген дәруменді ішер алдында дәрігермен кеңесу керек

Кез келген дәруменді ішер алдында дәрігермен кеңесу керек

Аллерголог-иммунолог, педиатр дәрігер, Астана медицина университетінің микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті Мөлдір Бақтыбаева иммунитетті көтерудің бірнеше әдісін айтып берді.
«С витаминін адам ауырғаннан бастап ішу керек. Алдын ала ішудің қажеті жоқ. Бұл дәруменді адам ауырғандағы алғашқы клиникалық белгілер байқалғаннан бастап жазылғанға дейін ішеді. Қандай да бір белсенді затты, минералды витаминді ішер кезде алдын ала тексеріп алу керек. Егер адам толық тамақтанып, күнделікті қажетті микро және макро элементтер мен калорияны тұтынатын болса, ондай адамдарға ешқандай витаминнің керегі жоқ. Өйткені витаминнің, белсенді заттың өзі де ағзада сақталады. Қандай да бір дәруменді ішер алдында дәрігерден кеңес алу қажет», – дейді иммунолог-дәрігер «Хабар 24» арнасындағы «Диагноз» бағдарламасында.
Мөлдір Бақтыбаева сонымен қатар антибиотиктар туралы пікір білдірді.
Маманның айтуынша, тұмау кезінде антибактериалды терапияны қабылдауға болмайды. Неге десеңіз, ол иммундық жүйені әлсіретеді.
«Вирусты – вирусқа қарсы дәрілермен емдеу керек. Байқап отырсақ, вирусқа қарсы дәрілердің өзі де алғашқы бір екі күнде өзінің әсерін бере бастайды. Ал енді ауырмаймын деп, алдын ала иммунитетті күшейтетін, вирусқа қарсы дәрілерді қабылдауға болмайды», – дейді ол.
Иммунолог-дәрігер дене қызуы 38,4 дейін болса су ішіп, дене қызуын түсіруге тырысу керектігін айтады.
«Әрине, егер де неврологиялық аурулар болса, дене қызуының 38,4-ге дейін жетуін күтіп отырмауымыз керек. Дененің өзі қызуды жеңе алмаса дәрігерге жүгініп, анализден өту керек. Себебі қызумен жүре берсеңіз оған қосалқы бактериалдық инфекция қосылуы мүмкін. Қосымша инфекция қосылған кезде ғана біз антибиотик тағайындаймыз», – дейді ол.
Дәрігер маман «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген қазақтың тәмсілін еске салды.
«Ең біріншіден дұрыс тамақтану керек. Яғни толыққанды витаминмен, ақуызбен, көмірсумен байытылған тамақты тұтынған абзал. Одан кейін ұйқының толыққанды әрі дұрыс болғаны жөн. 8 сағаттық ұйқы болуы керек. Үшінші спортпен шұғылданып, жаттығу жасаған пайдалы. Төртіншіден, біздің өзіміздің денеміз 80 пайыз судан тұратындықтан ағзаны құрғатпай, күнделікті кешкі алтыға дейін аз мөлшермен жылы су ішіп жүру керек», – деді ол.
kyzylorda-news.kz​​​
12 қазан 2020 ж. 460 0