Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық көлікте инфекция жұқтырмау үшін не істеу керек?

Қоғамдық көлікте инфекция жұқтырмау үшін не істеу керек?

Қоғамдық көлікте инфекция жұқтырмау үшін маска режимін сақтау керек. Бұл туралы  академик Вадим Покровский айтты.
«Бастысы – маска тағу керек. Метро, автобус ішінде емес, оған бірнеше метр қалғанда таққан дұрыс. Өйткені сол маңда адам көп шоғырланған. Көлікте отырғанда бетпердені шешпеген жөн. Қолғап киюді ұмытып кетсеңіз, айналадағы заттарды қолмен ұстамауға тырысыңыз. Бетіңіз бен денеңізге қол тигізбеген жөн. Қолды жиі жууды ұмытпау керек», – деп кеңес береді Покровский.
Вирус жұқтыру қаупін азайтуға ауа циркуляциясы көмектеседі. Маманның айтуынша, көліктің терезесі ашық болғаны дұрыс.
«Терезені ашып, ауаны тазартып тұрған жөн. Алайда ауа райына мән беру керек. Салқын тиіп қалуы мүмкін», – дейді академик.
Қоғамдық көлікте мүмкіндігінше әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс. 
Маман жақын жер болса, жаяу жүруге кеңес беріп отыр.
kyzylorda-news.kz
12 қазан 2020 ж. 416 0