Жұқтыру көрсеткіші жоғары өңірлерде карантиндік шараларды күшейту қажет
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының әкімдігі де карантиндік шараларды күшейтулері қажет. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлім етті.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында және Шығыс Қазақстан облысында карантинді қатаңдатуды ұсынылған.
Оның айтуынша, соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттану көрсеткіші 10,1 жеткенін ескере отырып, республика бойынша репродуктивтілік көрсеткіш 1,08.
Мұндайда жалпы еліміз бойынша карантиндік шараларды күшейту орынсыз деп санаймыз, бірақ сырқаттану көрсеткіші жоғары өңірлерде карантин талаптарын күшейту керек. Бірақ қазіргі шектеу шараларын да бәсеңдетуге болмайды, - деді ол.
Сондай-ақ, ол карантиндік талаптарды бұзғандар жөнінде мәлімет келтірді. Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысы карантин режимін бұзғандардың көш басында тұр.
Қазіргі уақытта әкімдіктер жанындағы 873 мобильді мониторингтік топ карантиндік шаралардың сақталуын рейдтік тексеруді жалғастыруда. Карантин режимі жеңілдеген сәттен бастап - 18 қыркүйетен 12 қазанға дейін 26 013 объекті тексердік, 3302 объектіде талап бұзылғаны анықталды. Соңғы үш аптада Нұр-Сұлтан қаласында ереже жиі бұзылған, тексерілген объектілердің 37% санитарлық-эпидемияға және санитарлық -профилактикалық шаралар мен карантин режимі талаптарын сақтамай жұмыс істеген, Алматы облысында бұл көрсеткіш 35%,-деді Қиясов.
Азаматтар маска кимейді, әлеуметтік ара қашықтық сақталмаған, карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілер жұмыс істеп тұр, қолғап пен антисептик қойылмаған, адам көп жиналатын іс-шара өтізген. Жалпы, аталған кезеңде 1566 адамға әкімшілік айыппұл салынды, Түркістан облысында – 431, Нұр-Сұлтан қаласында-105 және Шымкент қаласында – 106 мекеме жауапқа тартылды.
baq.kz/