Қызылордада алимент төлеуден жалтарып жүрген 54 борышкер жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық Әділет департаментінің басшысы Ирина Бәкішева мәлімдеді.
«Облыста 115 борышкер жұмысқа орналастырылды. Былтыр проблемалық алименттер саны 773 болатын. 336-сы берешек қарыздарын өтеді. Енді 470-і қалып тұр. Ал алимент төлеуден жалтарып жүрген 54 борышкер әкімшілік жауапкершілкке тартылып, 25 борышкерге ұсыным берілді. Сондай-ақ, 851 борышкерге ҚР аумағынан шығуына шектеу қойылды», – деді Ирина Жұмабайқызы.
Әділет органдарымен мемлекеттік қызметтің 12 түрі көрсетіледі. Қызмет түрлерінің азаюы бірқатар тіркеу функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілуіне байланысты.
kyzylorda-news.kz/