"Автокөлік" іс-шарасы

Іс-шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабына сәйкес 1 дерек анықталды. Арал қаласының тұрғыны жүргізуші А.К есімді азамат Арал қаласы, Панфилов көшесінің бойында "Mercedes Benz 200" маркалы автокөлігін "орта" дәрежелі алкагольдік масаң күйінде басқарғандығы анықталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабында көзделген /жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлықты масаң күйдегі адамның басқаруына беру/ бабымен әкімшілік іс қозғалып, автокөліктері айып тұрағына қойылды.
Арал ауданының Полиция бөлімі