Нұр-Сұлтанда әскери форма киген адамдарды тексеріп жатыр. Елордада арнайы акцияны Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағының қызметкерлері Ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп өткізуде. Шара қазан айының соңына дейін жалғасады.